Арал аймағындағы суды қолданудың дәстүрлі жүйесі (экспедиция материалдары бойынша)
Year: 2021
Type: article
Abstract: Суды қолданудың дәстүрлі жүйесі бойынша этнографиялық экспедицияҚызылорда облысы Арал өңірінің Қарақұм, Сазды, Шижаға, Тапа, Жалаңаш, Ақбай елдімекендерін қамтыды. Бұл елді мекендерде суды қолданудың дәстүрлі жүйесін жер асты сукөздері қамтамасыз еткен. Жер асты грунт суларын шығару, оны құдықта сақтаудың дәстүрліхалықтық білімдер жүйесінің аймақтық этнографиялық ерекшелігі Аралдың құмды, шөлдіаймақтарында сақталған. Арал өңірінде жергілікті материал мен топырақтың құрамына қарайдәстүрлі құдықтың тұрақты және уақытша қолданыстағы түрлері қалыптасқан. Қабырғасыдүзгенмен, көкбұтамен, таспен шегенделген құдықтар тұрақты қолданыстағы құдық түрлерінқамтамасыз еткен. Ал, құмнан қазылған, қабырғасы шегенделмеген еспе құдықтар мен қыстаөзен үстінен ойылған мұз ойық немесе мұз құдықтар уақытша қолданыстағы құдық түрлеріболып саналады. Арал халқы құдық қабырғасын шегендеуге таңдалған дүзген немесе көкбұтаныжыл бойы кептіріп, табиғи өңдеуден өткізудің дәстүрлі әдісін игерген. Құдық қабырғасынатас қалау тек дәстүрлі гидротехникалық білім жүйесімен қатар жер асты құрылыс өнерініңерекше түрінен мәлімет береді.
Source: Turkic Studies Journal
Author: Тәттігүл Қартаева
Language: English
Domain: Life Sciences
Open Access status: diamond
OpenAlex ID: W3161509290
