Work

Білім Беру Саласындағы Толықтырылған Шынайылық Әдебиеттеріне Шолу

Year: 2022
Type: article
Abstract: "Білім беру саласында толықтырылған шынайылыққа (AR) көп көңіл бөлінуде. Көптеген AR жүйелері оқу зертханалық жағдайда жиі жүргізілетін эмпирикалық зерттеулер барысында кеңінен қолданылуда. Соңғы жылдары ерекше білім беру жағдайларын жасау үшін толықтырылған шынайылықты қолдануға қызығушылық артып келеді. Бұл мақалада білім беру мекемелеріндегі толықтырылған шынайылықтың қолданылуы, артықшылықтары, ерекшеліктері мен тиімділігі сияқты факторларды ескере отырып, білім беру мекемелеріндегі толықтырылған шынайылық туралы әдебиеттерге шолу жасалды. Web of Science, Scopus, Google Scholar әлеуметтік ғылымдардың дәйексөз индексінің деректер базасында 2019 жылдан 2021 жылға дейін жарияланған 30 зерттеу жұмыстары талданды. Білім беру саласындағы қосымшалардың қолжетімділігіне қатысты зерттеулердің одан арғы тақырыптары айқындалды. Шолудың нақты мақсаты білім беру сценарийлерінде AR қосымшасын қолдануға қатысты әдебиеттерді зерттеу болды. Тиісті ғылыми зерттеулерді қамту үшін келесі зерттеу сұрақтары қойылды: Соңғы жылдарда AR мақалаларына сұраныстар бар ма? AR қолдану салалары қандай? AR-мен байланысты тағы қандай технологиялар қолданылады? Білім беру мекемелерінде AR қосымшаларын қолданудың қандай артықшылықтары мен кемшіліктері бар? Сонымен қатар, білім берудегі кеңейтілген шындық технологиясын қолданатын эмпирикалық зерттеулерді қарастырамыз. "
Language: Kazakh
Open Access status: bronze
OpenAlex ID: W4229336274
FWCI:
Cites: 5
Cited by:
Related to: 10