Қазақ Және Түрік Мақал-мәтелдеріндегі «әйел» Концептісін Лингвомәдени Зерттеу Аспектілері
Year: 2023
Type: article
Abstract: Мақалада қазақ және түрік мақал-мәтелдеріндегі «әйел» концептісін лингвомәдени зерттеу аспектілері қарастырылады. «Әйел» концептісі қазақ және түрік тілінде сөйлеушілердің ой-санасындағы негізгі ұғымдардың бірі болып табылады. Мақала қазақ және түрік тілдеріндегі мақал-мәтелдердегі «әйел» концептісін салыстырмалы зерттеу нәтижелеріне арналған. Қазақ және түрік тіліндегі мақал-мәтелдерді салыстыра зерттей отырып, «әйел» концептісінің ұлттық сипатын ашу, ұқсастықтарын айқындау, ұлттық ерекшеліктерін сипаттау негізгі мақсат болып табылады. Лингвистикадағы антропологиялық лингвистика және мәдени антропологиялық ғылымдарының даму өрісі мен үрдісі, концепт өрісінің негізгі өзегі болып табылатын адам, оның ішінде «әйел» концептісінің тілдік бейнесін қазіргі тілтанымдық ғылымның жалпы антропоөзектік бағытымен ұштастыру жұмыстың өзектілігін құрайды. Қазіргі заманғы лингвистика ғылымы тілдің бір-бірінен өзіндік ерекше заңдылықтар арқылы ерекшеленіп, оқшауланумен бірге, олардың көпшілігіне тән ортақ заңдылықтардың да бар екендігін дәлелдеп отыр. Аталған лингвомәдениеттердегі «әйел» жайындағы негізгі типтік көзқарастарды айқындайтын, екі елдің тілдік санасында аталмыш концептіні құрылымдайтын басты когнитивтік стереотиптер сипатталды, «әйел» концептісінің құрылымдық және мазмұндық бірліктері айқындалды. Зерттеу нәтижесінде «әйел» концептуалды сферасының түрік және қазақ тілдеріндегі ұқсастықтары мен ерекшеліктері туралы тұжырым жасалды.
Authors: А.М. Елубай, Г.Ә. Сәрсеке
Language: Kazakh
Topic: Language and Culture
Subfield: Linguistics and Language
Field: Social Sciences
Domain: Social Sciences
Open Access status: diamond
OpenAlex ID: W4390465638
