Work

Голощекин саясатының Қазақстанда жүргізілуі

Year: 2018
Type: article
Abstract: Қазақстанда ХХ ғасырдың отызыншы жылдары қолдан жасалған ашаршылыққұрбандарын ұмытуға болмайды. Өйткені бұл тұтастай ұлттың басына күштеп таңылған нәубетеді.1931-1933 жылдары республиканың алты миллион халқының 2,5 миллионы қырылып қалды.Аштықтан, билік тарапынан болған қуғын-сүргіннен қашып, 1 миллион адам шет елдерге өтіп кетті. Ғалымдардың айтуынша, ашаршылық қазақ халқының дамуын 110 жылға кейін шегерген. Бірнеше жыл қатарынан орын алған, дүркін-дүркін қайталанған ашаршылық зұлматынан ұлтымыздыңәбден сансырағаны сөзсіз. Еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев: «Егер ашаршылық болмағанда біз қазір 45-50 миллион халық болып отырар едік», - дейді. Кеңес үкіметі тұсында, зұлматкезең жайындағы ақиқатты айтуға тыйым салынған еді. Алайда, еліміз егемендігін алған тұстанбастап, тарихшылар, саясаттанушылар, зертеушілер және журналситтер тарихтың бізге беймәлімтұстарын зерттеп, тың деректер ұсынып, жоғалғанымызды қайта жаңғыртты. Ресми деректергесүйенсек, ашаршылық кезінде қазақ халқы 2 миллион 500 мыңға жуық тұрғынынан айырылды. Бұлкөрсеткіш мұнан да көп болуы бек мүмкін.Ел басына туған нәубет жылдардың өзге де зардаптары жөнінде жас ғалымдар әлі де ізденіп, тарихтың ақтаңдақ беттерінің сырын ашатыны сөзсіз.
Language: Kazakh
Open Access status: diamond
OpenAlex ID: W4391944949
FWCI:
Cites:
Cited by:
Related to: