Year: 2021
Type: article
Abstract: Бүгінгі таңда ақпарат жедел тарайтын болды. Жаңа медиа қарқынды дамып келеді. Әр түрлі әлеуметтік желілер ашылып жатыр және жаңалықты жеткізудің тың тәсілдері пайда болды. Кезінде жеке-меншік телеарналар, газет, журналдар көпболатын. 1990 жылдардан бері елімізде олардың саны көбейе бастағанымен, қызметтері ұзаққа созылмай бірқатары жабылып қалды, ал кейбірі интернеттегі сайттарынашып, жұмысты жалғастырып келеді. Ол кезде әлеуметтік желілер болмады, дегенменбұқаралық ақпарат құралын сақтап қалу қиынға соқса керек. Медиа саласындағы компаниялар қаржылық қиындықтарға тап болды. Дегенмен сол уақыттан бері көрермендердің дәстүрлі медиаға деген сенімдері жоғалған емес. Коронавирус пандемиясы кезіндеқазақстандық аудитория сенімді ақпарат көзі ретінде телевизияны таңдаған екен. Бұлтуралы отандық БАҚ саласын дамыту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел жиынында айтылды. Қазақстанда қабылданған ақпарат саласын дамыту жөніндегі ұлттықжоспар аясында дәстүрлі медианың қызметін ілгері жылжытуға қатысты ауқымдышаралар жоспарланған. Автор халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, холдингтердіңқұрылуы жағдайында отандық бұқаралық ақпарат құралдарының даму перспективасын қарастырады
Author: Х.С. Молдабаев
Institution: L. N. Gumilyov Eurasian National University
Language: Kazakh
Topic: Journalism and Media Studies
Subfield: Communication
Field: Social Sciences
Domain: Social Sciences
Open Access status: diamond
OpenAlex ID: W4391948402
