Year: 2024
Type: article
Abstract: Жиекті анықтау әдістерін пайдалану кескінді өңдеудегі маңызды қадам болып табылады. Бұл мақала жиектерді анықтау мақсатында қолданылатын кескінді өңдеу әдістерін зерттеуге арналған. Кескіндердегі жиектерді тиімді шығару үшін әртүрлі өңдеу операторларының салыстырмалы талдауы үшін программалық қосымша құрылды. Қосымша MatLAB программасының көмегімен жүзеге асырылды. Мақалада әрбір өңдеуші оператордың жұмыс істеу принциптері және олардың кескіндердегі жиектер мен шекараларды анықтау мүмкіндігі қарастырылып, сипатталды. Әр әдістің әртүрлі сценарийлердегі тиімділігін көрсететін әртүрлі сападағы кесікіндерге эксперименталды зерттеу жүргізілді. Зерттеу нәтижелері жиектерді өңдеу және алу үшін сегіз оператордың өнімділігін салыстыруға мүмкіндік берді. Нәтижелерді талқылау барысында кескіннің сипаттамаларына және нақты есептерге байланысты әрбір әдістің тәжірибелік қолданылуына баса назар аударылды. Бұл зерттеу маңызды бөлшектер мен құрылымдарды алу арқылы кескінді талдаудың дәлірек және тиімді әдістерін жасау үшін маңызды болмақ. Зерттеу компьютерлік көру, кескінді өңдеу және үлгіні тану салаларында өзекті болып табылады, жиекті анықтау деректерді талдау мен интерпретациялауда жоғары рөл атқарады.
Source: Вестник КазАТК
Language: Kazakh
Subfield: Computer Vision and Pattern Recognition
Field: Computer Science
Domain: Physical Sciences
Open Access status: hybrid
OpenAlex ID: W4401099220
