Сталкинг (ізге түсу) адамның жеке кеңістігін бұзудың алдын алу бойынша ұлттық заңнама негіздері мен тетіктері
Year: 2025
Type: article
Abstract: Бұл зерттеу мақаласында сталкинг (ізге түсу) адамның жеке кеңістігін бұзудың алдын алу бойынша ұлттық заңнама негіздері мен тетіктерін зерттеу жүзеге асырылған. Ғылыми зерттеудің мақсаты сталкинг (ізге түсу) адамның жеке кеңістігін бұзудың алдын алу бойынша ұлттық заңнаманы шетелдің заңнамасымен өзара салыстырмалы-құқықтық талдау көзделген және адамның жеке кеңістігін бұзудың алдын алу бойынша ұлттық заңнаманы жетілдіру айқындалған. Алыс жақын шет елдердің заңнамалары талқыланып сталкинг (ізге түсу) адамның жеке кеңістігін бұзудың алдын алу бойынша ұлттық заңнаманы шетел заңнамасымен өзара салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізілуі нәтижесінде бірқатар жекелеген ұсыныстардың жиынтығы жасалынған. Сталкинг (ізге түсу) түрлері айқындалып, олардың алдын алу жолдары айқындалған. Сондай-ақ, жеке тұлғаларды сталкинг (ізге түсу) құқық бұзушылығынан қорғаудың халықаралық-құқықтық жүйесі бойынша құқықтық негіздері мен тәжірибелік механизмдерін анықтау мақсатында Қазақстан Республикасында жеке тұлғаларды сталкинг (ізге түсу) құқық бұзушылығынан қорғау бойынша құқық қорғау мен сот органдарының іс-әрекеттер жүйесін саралау нәтижесі анықталған. Сонымен қатар, сталкинг (ізге түсу) адамның жеке кеңістігін бұзудың алдын алу бойынша ұлттық заңнама негіздері мен тетіктерін ұсынған.
Authors: А.Ж. Ордаева, М.С. Шекербекова, С.Б. Абутаева
Language: English
Topic: Criminal Law and Evidence
Subfield: Law
Field: Social Sciences
Domain: Social Sciences
Open Access status: diamond
OpenAlex ID: W4408973381
