Инженерлік-графикалық пәндерді оқытуды жүйелілік тұғыр негізінде жетілдірудің теориялық негіздері
Year: 2025
Type: article
Abstract: Заманауи инженерлік білім студенттердің кеңістіктік ойлауын, жобалау дағдыларын және цифрлық технологиялармен жұмыс істеу қабілеттерін дамытуын талап етеді. Дегенмен, инженерлік-графикалық пәндерді оқытудың дәстүрлі әдістері материалды меңгерудің жоғары деңгейін үнемі қамтамасыз етпейді. Бұл мақалада оқытуға жүйелілік тұғырдың артықшылықтары және оның инженерлік-графикалық пәндерді меңгеру тиімділігіне әсері қарастырылады. Зерттеу барысында оқытудың дәстүрлі, интерактивті және жүйелілілік әдістетемелеріне салыстырмалы талдау, сондай-ақ олардың тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін педагогикалық эксперимент жүргізілді. Алынған нәтижелер жүйелілік тұғырдың теориялық материалды берік меңгеруге ғана емес, сонымен қатар инженерлік қызметке қажетті практикалық дағдыларды дамытуға ықпал ететіндігін көрсетті. Талдау негізінде білім беру үрдісіне жүйелілік тұғырды енгізу бойынша ұсыныстар жасалды. Бұл әдістемені іске асыру студенттерді даярлау сапасын арттыруға, олардың кәсіби құзіреттілігін жақсартуға және оқу үрдісін инженерлік білім берудің заманауи талаптарына бейімдеуге мүмкіндік береді. Оқытудың дәстүрлі және цифрлық әдістерін интеграциялау, автоматтандырылған жобалау жүйелерін (АЖЖ) пайдалану және және пәнаралық өзара әрекеттестік мәселелері қосымша қарастырылады. Студенттердің оқу үрдісіне қатысуын бағалауға, сондай-ақ оқытудың белсенді әдістерінің мотивация мен оқу үлгеріміне әсеріне басты назар аударылады. Жүйелілік тұғырды қолдану пәнді кешенді меңгеруді қамтамасыз етеді, студенттердің аналитикалық қабілеттерін арттырады және олардың кәсіби қызметке бейімделуіне ықпал етеді.
Authors: Марал Есекешова, Гульмаржан Тулеуова, Арайлым Ахметбек
Institution: L. N. Gumilyov Eurasian National University
Language: English
Subfield: Architecture
Field: Engineering
Domain: Physical Sciences
SDG: Quality education
Open Access status: diamond
OpenAlex ID: W4409003516
