Жаһандану Жағдайында Сакралды Рәміздерді Сақтаудың Эмоциялық Дизайн Мен Білім Арқылы Жүзеге Асуы
Year: 2025
Type: article
Abstract: Мақалада жаһандану жағдайында қазақ мәдениетінің сакралды белгілерін сақтаудың құралы ретінде эмоционалды дизайн қарастырылады. Дәстүрлі символиканы қазіргі заманғы дизайнға енгізудің теориялық және практикалық аспектілері талданады. Дизайнерлермен жүргізілген сұхбаттар мен тұтынушыларға арналған сауалнамаларды қамтитын эмпирикалық зерттеулер нәтижелері ұсынылған. Эмоционалды дизайнның ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы және мәдени мұраны танымал етудегі рөлі көрсетілген. Сакралды символдарды мәдени маңыздылығын жоғалтпай, заманауи визуалды форматтарға бейімдеу бойынша практикалық ұсынымдар әзірленді. Түйін сөздер: эмоционалды дизайн, сакралды символдар, қазақ мәдениеті, ұлттық бірегейлік, жаһандану, ою-өрнек, визуалды коммуникация.
Authors: Жанна Садықова, Дамиля Суюндыкова
Language: English
Subfield: Museology
Field: Arts and Humanities
Domain: Social Sciences
Open Access status: diamond
OpenAlex ID: W4409003542
