Year: 2025
Type: article
Abstract: Мақаланың мақсаты – Еуропа Кеңесінің құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссиясының ( Венеция комиссиясы) Қазақстандағы омбудсмен институтының дамуына қосқан үлесін талдау болып табылады. Осы мақсатта, Венеция космиссиясының Қазақстан Республикасының омбудсмен институтына қатысты үш тұжырымдары сараланады: 1099\2022- Қазақстанның «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Констиуциялық заң жобасына пікір; 1056\2021 -Қазақстанның «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» заң бойынша пікір; CDL-AD( 2007)020 Қазақастандағы омбудсмен институтының реформасы туралы қорытынды пікірі. Сонымен қатар, мақалада демократиялық институттарды дамытудағы Венеция комиссиясының рөлі мен бағыттары көрсетілген. Қазақстанның Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссияға кіру тарихы және Еуропа Кеңесі мен Қазақстан арасындағы келісімдер тізімі сипатталған. 2022 жылғы 5 қарашада қабылданған «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заңының нормалары Венеция комиссиясының тұжырымдарына сәйкестігі талданды. Ғылыми еңбектің нәтижесінде, «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заңының нормаларына кейбір ұсыныстар жасалды.
Authors: A.Б. Aширбекова, Д.Б. Бұғыбай, В.Б. Тапакова
Institution: Yessenov University
Language: English
Topic: Ombudsman and Human Rights
Subfield: Sociology and Political Science
Field: Social Sciences
Domain: Social Sciences
Open Access status: diamond
OpenAlex ID: W4411767458
