Year: 2025
Type: article
Abstract: Бұл мақалада жалған жаңалықтарды анықтайтын интеллектуалды жүйені әзірлеу қарастырылған. Себебі, цифрлық технологиялардың кеңінен таралуы ақпараттың жаппай таралуына жағдай туғызды және ақпараттық шу деңгейінің жоғарылауына әкелді. Жалған жаңалықтардың таралуы қоғамдағы шатасуды, әлеуметтік тұрақсыздықты тудырады. Мұндай жалған ақпараттың кең таралуы қоғамдық тұрақтылыққа ғана емес, сонымен бірге ұлттық ақпараттық қауіпсіздікке де үлкен қауіп төндіреді. Сол себепті осы интелектуалды жүйені әзірлеуді қолға алдық. Бұл құрылған программалық қосымша осы жайттардың туындауының алдын алуға мүнкіндік береді. Интернетке кең қол жетімділік және Қазақстандағы әлеуметтік желілердің танымалдығы жалған жаңалықтардың тез таралуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қазақ тілінің грамматикалық және семантикалық ерекшеліктері жалған жаңалықтарды анықтаудың Халықаралық жүйелерінің жергілікті контекстке тікелей бейімделуін қиындатады. Біз жалған жаңалықтарды әлеуметтік желілерде анықтауға арналған негізделген әдісті – BERT (Bidirectional Encoder Representations from Transformers) ұсынамыз, мұнда жаңалықтың жалған немесе шын екендігін анықтау ғана емес, сонымен қатар, шешімді түсіндіру (интерпретациялау) арқылы күдікті қолданушылар мен дәлелді сөздерді ерекшелеуге болады
Authors: Ж. Тұрысбек, О.Ж. Мамырбаев, А. Мұхаммед
Language: Kazakh
Subfield: Sociology and Political Science
Field: Social Sciences
Domain: Social Sciences
Open Access status: bronze
OpenAlex ID: W4414578164
