Цифрлық экономиканың даму перспективалық бағыттары мен олардың жоғары білім беруге тигізетін ықпалының теориялық әдістемесі
Year: 2025
Type: article
Abstract: Цифрлық экономика жаһандық экономикалық трансформацияның негізгі қозғаушы күшіне айналды. Цифрлық экономика төртінші индустриялық революцияның нәтижелік өнімі ретінде әлемдік жоғары білім беру жүйелерінің даму тенденциялары мен басқару модельдеріне сапалық тұрғыдан түбегейлі үлкен өзгеріс енгізуде. Мақалада цифрлық экономиканың даму тенденциялары мен оның Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесіне тигізетін ықпалдары қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – цифрлық трансформацияның білім саласына әсерін бағалап, осы процестегі негізгі қиындықтар мен мүмкіндіктерді айқындау. Жаңа Қазақстан қалыптастыру үшін ең алдымен орта держава мәртебесіне сәйкес келетін өзіндік жаңа әлемдік геоэкономикалық база мен әлеует, сонымен қатар көп тарапты аймақтық геосаяси басымдылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ете алатын білікті заманауи кадрлар даярлау қажет, яғни жаһандық жаңа талапқа сай цифрлық сауаты мен тәжірибесі терең әрі толыққанды игерген кәсіби мамандарды тарту. Жұмыста салыстырмалы талдау және кейс-стади әдістері қолданылды. Негізгі нәтижелер цифрлық трансформациялау білім беру сапасын арттыруға, оқу үдерісін тиімді етуге ықпал ететінін көрсетеді. Зерттеу нәтижелері білім беру жүйесінің цифрлық дамуына қатысты стратегиялық ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді.
Authors: С. Кондыбаева, А. Қалиева, Ж. Ермекова
Institution: Al-Farabi Kazakh National University
Language: English
Subfield: Information Systems
Field: Computer Science
Domain: Physical Sciences
Open Access status: diamond
OpenAlex ID: W7083677075
FWCI:
Cites:
Cited by:
Related to:
