Work

«қобыланды Батыр» Жырындағы Дене Тәрбиесінің Құралдары Негізінде Жастарды Патриотизмге Тәрбиелеу

Year: 2025
Type: article
Abstract: Зерттеудің мақсаты – қазақ халқының ежелгі эпостық жырларының бірі «Қобыланды батыр» жыры негізінде өскелең ұрпақты патриотизмге, батырлық рухқа тәрбиелеу. Зерттеу идеясы – Қобыландының батырлық тұлғасы арқылы ерлік, адамгершілік, еңбексүйгіштік, табандылық сияқты қасиеттерді жастардың бойына сіңіріп, оларды ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу. Негізгі бағыт – жыр мәтініндегі дене тәрбиесі құралдарын ғылыми-педагогикалық тұрғыда жүйелеу, тәрбиелік мәнін ашып көрсету. Ғылыми маңыздылығы – «Қобыланды батыр» жырының көркемдік маңызын ғана емес, сонымен қатар дене тәрбиесіне қатысты ұғымдар негізінде жас ұрпақтың ойлау қабілетін дамытудағы оның ішкі мазмұнының әлеуетін көрсету. Практикалық маңыздылығы – жырдағы мергендік, шабандоздық, жылдамдық, төзімділік, балуандық, қайсарлық, ептілік сияқты дене тәрбиесіне қатысты ұғымдарды талдай отырып, оларды оқу-тәрбие үдерісінде қолданудың тетіктерін ұсынуда. Зерттеу кезінде мәтіндік талдау, салыстырмалы талдау, сауалнама жүргізу әдістері пайдаланылды. Жыр мазмұны құрылымдық және семантикалық тұрғыдан зерттеліп, ондағы дене тәрбиесіне қатысты ұғымдар жинақталып, олардың жастарды тәрбиелудегі ықпалы мен педагогикалық маңызы анықталды. Зерттеу нәтижесінде «Қобыланды батыр» жырының жастарды ұлттық рухқа, батырлыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеуде маңызды орын алатындығы дәлелденді. Батырдың биік тұлғасы арқылы жастар арасында оқу-тәрбиелік жұмысты жүйелі жүргізу – оқушылардың бойында Отанды қорғаудың ұлттық рухын оятып, ұлттық мінез-құлық пен ар-намысты қалыптастыруға ықпал ететіндігі анықталды. Қорытындысында, Қобыланды батыр жырын – дене тәрбиесінің тиімді құралы ретінде оқу-тәрбие үдерісінде қолдану ұсынылды. Зерттеудің мәні – «Қобыланды батыр» жырының мәтінін терең зерделеу негізінде халық ауыз педагогикасындағы дене тәрбиесіне қатысты ұғымдардың тәрбиелік мәні айқындалды. Бұл зерттеу арқылы Қобыланды батыр жыры халықтың бай мұрасы ғана емес, жас ұрпақтың бойында ұлттық рухты, батырлық болмысты, жауынгерлік дайындықты дарытуда орасан зор тәрбие құралы екендігі ғылыми-әдістемелік тұрғыдан негізделді. Зерттеудің практикалық маңызы – зерттеу барысында ұсынылған әдіснамалық және мазмұндық бағыттар оқу орындары мен білім беру ұйымдарында, Отансүйгіштікке бағытталған кешенді іс- шараларда, дене тәрбиесі сабақтары мен спорттық үйірмелерде тиімді қолдануға болады. Сонымен қатар, «Қобыланды батыр» жырындағы дене тәрбиесі құралдарын пайдалана отырып, өз елін шынайы сүйетін, салт-дәстүрі мен мәдениетін құрметтейтін тұлғаны тәрбиелеуге зор үлес қосуға ықпал етеді. Цель исследования – воспитать подрастающее поколение в духе патриотизма и героизма на основе одного из древнейших эпических сказаний казахского народа – жыра «Кобланды батыр». Идея исследования – воспитывать молодежь на основе национальных ценностей, формируя в них такие качества, как героизм, человечность, трудолюбие и настойчивость через образ батырской личности Кобланды. Основное направление – научно-педагогически систематизировать средства физического воспитания, содержащиеся в тексте жыра, и раскрыть их воспитательное значение. Научная значимость заключается в том, чтобы показать не только художественную ценность жыра «Кобланды батыр», но и его внутренний потенциал в развитии мышления молодежи через понятия, связанные с физическим воспитанием. Практическая значимость – анализ понятий, связанных с физическим воспитанием, таких как меткость, верховая езда, быстрота, выносливость, борьба, решимость, ловкость, и предложение механизмов их применения в учебно- воспитательном процессе. В ходе исследования были использованы методы текстового и сравнительного анализа, проведения опросов. Содержание жыра было исследовано с точки зрения структуры и семантики, собраны понятия, относящиеся к физическому воспитанию, и определено их влияние и педагогическое значение в воспитании молодежи. В результате исследования доказано, что жыр «Кобланды батыр» занимает важное место в воспитании молодежи в духе национального сознания, героизма и патриотизма. Было установлено, что систематическое проведение учебно-воспитательной работы через образ великого батыра способствует формированию у учащихся национального духа защиты Родины, национального характера и чувства чести. В заключение рекомендуется использовать жыр «Кобланды батыр» как эффективное средство физического воспитания в учебно-воспитательном процессе. Суть исследования – на основе глубокого изучения текста жыра «Кобланды батыр» выявлено воспитательное значение понятий, связанных с физическим воспитанием в народной устной педагогике. Это исследование научно-методически обосновывает, что жыр «Кобланды батыр» является не только богатым культурным наследием народа, но и мощным воспитательным средством в формировании у молодого поколения национального духа, героической сущности и воинской подготовки. Практическая значимость исследования – предложенные методологические и содержательные подходы могут быть эффективно использованы в учебных заведениях, образовательных учреждениях, в рамках комплексных патриотических мероприятий, на уроках физической культуры и в спортивных кружках. Кроме того, использование средств физического воспитания, представленных в жыре «Кобланды батыр», способствует воспитанию личности, искренне любящей свою Родину, уважающей традиции и культуру своего народа. The purpose of this study is to foster patriotism and heroism among the younger generation based on one of the oldest epic works of the Kazakh people – the «Kobylandy Batyr» epic. The main idea of the research is to cultivate such qualities as courage, humanity, diligence, and perseverance in young people through the image of the hero Kobylandy, nurturing them on the basis of national values. The primary focus of the study is the systematization of the means of physical education reflected in the text of the epic from a scientific and pedagogical perspective and the revelation of their educational significance. The scientific significance of the research lies in the fact that the «Kobylandy Batyr» epic is considered not only as a literary work but also as a source for shaping young people’s thinking through concepts related to physical education. The practical significance lies in the analysis of such concepts as accuracy, horsemanship, speed, endurance, strength, courage, and agility, as well as in the development of mechanisms for their implementation in the educational process. The research employed textual and comparative analysis methods, along with surveys. The content of the epic was examined in terms of structure and semantics, generalizing the concepts related to physical education and identifying their pedagogical importance in shaping the personality of young people. As a result, it was established that the «Kobylandy Batyr» epic plays a significant role in fostering national identity, heroism, and patriotism among the youth. Conducting educational work through the image of the great hero helps awaken the national spirit of defending the homeland and contributes to the formation of national character and a sense of honor among students. In conclusion, it is proposed to use the «Kobylandy Batyr» epic as an effective means of physical education in the educational process. The essence of the study lies in the deep analysis of the epic’s text, through which the educational value of physical education concepts in folk pedagogy was revealed. The results demonstrate that the «Kobylandy Batyr» epic is not only a rich cultural heritage of the people but also a powerful means of developing national spirit, heroic character, and martial preparedness among the younger generation. The practical relevance also lies in the fact that the proposed methodological and content- based approaches can be effectively applied in educational institutions, patriotic events, physical education classes, and sports clubs. Utilizing the means of physical education reflected in the «Kobylandy Batyr» epic contributes to nurturing individuals who sincerely love their homeland and respect the traditions and culture of their people.
Language: English
Subfield: Education
Open Access status: bronze
OpenAlex ID: W7117541676
FWCI:
Cites: 2
Cited by:
Related to: