Білім беруді тұрақты дамыту жағдайында информатика пәні мұғалімдерінің кәсіби қажеттіліктерін және олардың даму бағыттарын талдау
Year: 2026
Type: article
Study design: Observational Study
Abstract: Зерттеу мақаласы информатика мұғалімдерінің педагогикалық дефициттерін анықтауға және олардың кәсіби құзыреттіліктерін бағалауға бағытталған. Зерттеу аясында 2025 жылы Қазақстанның бес облысынан 899 информатика пәні мұғалімі онлайн сауалнамаға қатысты. Зерттеу аралас әдістемеге негізделіп, деректерді талдау үшін сипаттамалық статистика, Mann-Whitney U тесті, Kruskal-Wallis H тесті және дисперсиялық талдау ANOVA қолданылды. Құралдың ішкі біртұтастығы жоғары деңгейде расталды (Cronbach's α = 0,93-0,97). Нәтижелер көрсеткендей, педагогтар базалық цифрлық құралдарды және дәстүрлі әдістемелік тәжірибелерді сенімді меңгерген. Алайда жасанды интеллект, алгоритмдеу, бағдарламалау және киберқауіпсіздік сияқты бағыттарда айтарлықтай олқылықтар анықталды. Зерттеу нәтижесінде педагогтерде қиындық тудыратын факторлар анықталды: бағдарламау тілдерін меңгеру, абстрактілі ұғымдарды түсіндіру, техниканың ескіруі, уақыттың жетіспеушілігі және кәсіби күйзеліс. Сонымен қатар, информатика мұғалімдерінің кәсіби даярлығын жетілдіру үшін заманауи технологиялар бойынша біліктілікті арттыру, әдістемелік қолдау және материалдық-техникалық базаны жақсартудың өзектілігі көрсетілді. Нәтижелер информатика мұғалімдерін қолдау бағдарламаларын әзірлеуге, цифрлық педагогика мен жасанды интеллектіні білім беру процесіне тиімді енгізу жолдарын айқындауға ықпал етеді.
Institution: Zhetysu University named after Ilyas Zhansugurov
Language: Kazakh
Subfield: Education
Field: Social Sciences
Domain: Social Sciences
SDG: Quality education
Open Access status: diamond
OpenAlex ID: W7153982825
