Year: 2026
Type: article
Abstract: Бұл мақалада орта сынып оқушыларының ағылшын тілі грамматикасын меңгеру үдерісінде VAK (Visual, Auditory, Kinesthetic) моделін қолданудың әдістемелік тиімділігі жан-жақты қарастырылады. Қазіргі білім беру парадигмасында білім алушылардың жеке психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеру сапалы нәтижеге жетудің негізгі шарты. Зерттеудің өзектілігі дәстүрлі грамматика оқыту әдістерінің оқушылардың танымдық қажеттіліктерін толық қанағаттандырмауымен және соның салдарынан пәнге деген мотивацияның төмендеуімен түсіндіріледі. Автор мақала аясында ақпаратты қабылдаудың әр түрлі деңгейіндегі оқушыларға арналған нақты әдістемелік тәсілдер кешенін ұсынады. Атап айтқанда, визуалдар үшін Mind Map (ой картасы) мен графикалық органайзерлерді, аудиалдар үшін ритмдік қайталаулар (Grammar Chants) мен аудио-инструкцияларды, ал кинестетиктер үшін Lego Grammar және «жанды сөйлемдер» сияқты қозғалысқа негізделген ойын элементтерін қолданудың маңызы дәлелденеді. Тәжірибелік зерттеу нәтижелері көрсеткендей, сенсорлық арналарды дифференциалды түрде пайдалану оқушылардың грамматикалық сауаттылығын 40%-дан 90%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Мақалада VAK моделін жүйелі түрде қолданудың психологиялық жайлылық қалыптастыратыны және тілдік кедергілерді жоятыны негізделген. Зерттеу қорытындысы бойынша, визуалды материалдарды, тыңдалым тапсырмаларын және физикалық белсенділікті ұштастыру білім алушылардың грамматикалық құрылымдарды өмірлік жағдайларда саналы түрде қолдану дағдысын қалыптастырады. Бұл әдістемелік жұмыс ағылшын тілі мұғалімдері үшін инклюзивті және тұлғаға бағытталған оқу ортасын құруда практикалық құрал ретінде ұсынылады.
Source: PHILOLOGICAL SCIENCES JOURNAL
Authors: A.P. Makasheva, K.B. Meyirban
Institution: Korkyt Ata Kyzylorda State University
Subfield: Developmental and Educational Psychology
Field: Psychology
Domain: Social Sciences
SDG: Quality education
Open Access status: bronze
OpenAlex ID: W7162803735
FWCI:
Cites:
Cited by:
Related to:
