Work

Verkle Ағаштарына Арналған Торлық Векторлық Міндеттемелер

Year: 2026
Type: article
Abstract: Мақалада Verkle-ағаштарында қолдануға арнайы оңтайландырылған және SIS есептерінің күрделілігіне негізделген жаңа торлық векторлық міндеттеме схемасы ұсынылады. Зерттеудің негізгі мақсаты болып заманауи блокчейн жүйелері мен үлестірілген реестрлерде қолданылатын масштабталатын аутентификацияланған деректер құрылымдары үшін ықшам әрі посткванттық тұрақты криптографиялық примитивтерді құру болып табылады. Ұсынылған құрылым классикалық векторлық міндеттемелерге тән дәлелдер мен міндеттемелердің шағын өлшемін сақтай отырып, кванттық шабуылдарға төзімділікті қамтамасыз етеді және trusted setup қажеттілігін жояды. Жұмыста Setup, Commit, Open және Verify алгоритмдері егжей-тегжейлі сипатталып, қауіпсіздік моделі формализацияланған және схема параметрлері анықталған. Сонымен қатар көпмүшелер коэффициенттерін торлық кеңістікке тиімді кодтау әдістері, модульдік параметрлерді таңдау принциптері және нормасы бақыланатын қысқа куәліктерді генерациялау тәсілдері қарастырылған, бұл қауіпсіздік пен есептеу тиімділігі арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етеді. Ұсынылған құрылым тиімді көпашуларды және пакеттік тексеруді қолдайтыны көрсетілген, бұл жоғары тармақталуы бар Verkle-ағаштары үшін аса маңызды. Сонымен қатар KZG, IPA және RSA міндеттемелерімен салыстырмалы талдау жүргізіліп, дәлелдер өлшемі, есептеу шығындары және trusted setup талаптары бойынша бағаланған. Нәтижелер ұзақ мерзімді үлестірілген жүйелер үшін торлық тәсілдің артықшылықтарын көрсетеді және посткванттық векторлық міндеттемелерді масштабталатын блокчейн инфрақұрылымдарына енгізу мүмкіндігін ашады.
Language: Kazakh
Open Access status: hybrid
OpenAlex ID: W7165611641
FWCI:
Cites: 17
Cited by:
Related to: 10