Сызықсыз Түйін S-блок Үшін Изоморфты S-блокты Алу Әдістері Және Оларға Салыстырмалы Криптографиялық Талдаулар Жүргізу
Year: 2026
Type: article
Abstract: Бұл мақалада қазіргі заманғы криптографиялық жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын S-блоктардың құрылымдық және функционалдық ерекшеліктері қарастырылған. S-блоктар шифрлау алгоритмдерінде сызықсыздық қасиетін енгізу арқылы криптожүйелердің криптоаналитикалық шабуылдарға тұрақтылығын арттырады. Зерттеу жұмысында изоморфизм ұғымына негізделген жаңа тәсіл - изоморфты S-блоктарды құру әдісі ұсынылады. Бұл әдіс бастапқы S-блоктың криптографиялық қасиеттерін сақтай отырып, оның жаңа эквивалентті нұсқаларын алуға мүмкіндік береді. Изоморфты түрлендірулер арқылы алынған S-блоктар құрылымдық жағынан өте ұқсас, бірақ түрлі базистерде көрсетілетін жаңа бейнелеулерді қалыптастырады. Жұмыста изоморфизмнің алгебралық негіздері түсіндіріліп, изоморфты S-блоктарды алу процесі кезең-кезеңімен сипатталады. 4-биттік мысал негізінде изоморфты түрлендірудің орындалу алгоритмі егжей-тегжейлі есептеулермен көрсетілген. Нәтижесінде алынған S′-блоктың бастапқы S-блокпен салыстырылып, криптоқауіпсіздік деңгейі жағына бірдей екендігі дәлелденді. Зерттеу нәтижелері изоморфты S-блоктарды пайдалану шифрлау жүйелерінің құрылымдарының әртүрлілігін арттырып, криптожүйелердің қауіпсіздігін күшейтуге мүмкіндік беретінін көрсетілді.
Source: Вестник КазАТК
Authors: Асель Турсынова, Қайрат Сақан, Күнболат Алғазы
Institution: Isfahan University of Art
Language: Kazakh
Subfield: Artificial Intelligence
Field: Computer Science
Domain: Physical Sciences
Open Access status: hybrid
OpenAlex ID: W7171537253
