Year: 2026
Type: article
Abstract: Бұл мақалада Америка әдебиетінің классигі Джек Лондонның қазақ әдебиетінің біртуар қаламгері Мұхтар Әуезов шығармашылығына тигізген әсері қарастырылады. Әдебиет әлеміндегі қос алып – Мұхтар Әуезов пен Джек Лондон туындыларындағы идеялық және көркемдік үндестіктің сырын ашу – әдебиеттану ғылымының жаңаша зерттеулерін қажет ететін маңызды бағыт. Екі жазушының шығармашылық әлеміне терең бойлап, олардың арман-мұраттарының, дүниетанымы мен көркемдік шеберлігінің ортақ қырларын табуға ұмтылу – зерттеуіміздің негізгі нысандарының бірі. Екі автор шығармаларындағы көркемдік, стильдік және терең идеялық ұқсастықтар талданып, табиғатты шеберлікпен суреттеу, адам мінезін шынайы бейнелеу және әлеуметтік күрес тақырыбындағы өзара байланыстар анықталады. Сонымен қатар екі қаламгердің өз заманының шындығын көркемдік тұрғыдан бейнелеудегі ерекшеліктері сараланып, олардың реалистік әдісінің ұқсас тұстары ашып көрсетіледі. Зерттеу барысында Дж. Лондонның озық идеяларының қазақ әдебиетіндегі интерпретациясы салыстырмалы талдау әдісі арқылы қарастырылып, Мұхтар Әуезов шығармаларындағы Лондон ықпалының көріністері әдеби-теориялық тұрғыдан зерделенеді. Бұл зерттеу американдық және қазақ әдебиеттері арасындағы шығармашылық байланыстарды жан-жақты талдап, олардың әдеби дәстүр мен көркемдік әдіс тұрғысынан өзара ықпалдастығын тереңірек түсінуге септігін тигізеді.
Author: Ж. Б. Әділбекова
Language: Kazakh
Subfield: Literature and Literary Theory
Field: Arts and Humanities
Domain: Social Sciences
Open Access status: bronze
OpenAlex ID: W7213446470
