Year: 2026
Type: article
Abstract: Аңдатпа: Бұл мақалада литийді минералдық және гидроминералдық шикізат көздерінен алудың қазіргі технологиялары салыстырмалы түрде талданады.Литийдің литийионды аккумуляторлар, энергия сақтау жүйелері және электр көліктері өндірісіндегі стратегиялық маңызы оның табиғи және техногендік көздерден тиімді әрі экологиялық қауіпсіз алынуын өзекті ғылыми-технологиялық мәселе ретінде қарастыруға негіз болады.Жұмыста қатты минералдық кендерден литий алу әдістері, соның ішінде ауыр ортада бөлу, флотация, сподумен концентратын күкіртқышқылды сульфаттау-шаймалау, лепидолитті HF қатысында өңдеу және сілтілік әдістер қарастырылған.Сонымен қатар тұзды ерітінділер, минералданған сулар және мұнай-газ қабат суларынан литий алу бағыттары талданады.Гидроминералды жүйелер үшін күн буландыру, Li₂CO₃ тұндыру, экстракция, мембраналық технологиялар және DLE ион-елеуіш сорбциялық әдістерінің артықшылықтары мен шектеулері көрсетілген.Әрбір әдістің тиімділігі литий концентрациясына, ерітінді құрамындағы қоспаларға, Mg/Li және Ca/Li қатынастарына, сондай-ақ технологиялық және экологиялық талаптарға тікелей байланысты екені анықталады.Зерттеу нәтижелері литий алу технологияларын таңдауда тек өндірістік өнімділікті емес, сонымен қатар реагент шығынын, энергия тұтынуды және қалдықтарды басқару мәселелерін бірге қарастыру қажеттігін көрсетеді.Қазақстанның минералдық-шикізаттық әлеуетін ескере отырып, мұндай салыстырмалы талдау болашақта отандық литий өндірісін ғылыми негізде дамытуға мүмкіндік береді.Мақалада әмбебап технологиялық шешімнің жоқ екені, әрбір шикізат түрі үшін оның минералогиялық және химиялық құрамын ескере отырып, жеке технологиялық схема таңдау қажеттігі негізделеді.Қазақстан жағдайында литий өндіруді дамыту үшін қатты кендер мен пласт сулардың құрамын кешенді зерттеу, Mg/Li, Ca/Li және SO₄²⁻ сияқты факторларды бағалау, сондай-ақ пилоттық сынақтар жүргізу маңызды екені атап өтіледі.Түйін сөздер: литий, гидроминералды шикізат, сподумен, DLE технологиясы, пласт сулары, сорбция, мембраналық әдістер, Li₂CO₃. КіріспеЛитий қазіргі энергетикада, әсіресе литий-ионды аккумуляторлар өндірісінде, стратегиялық маңызы жоғары ресурс ретінде танылады.Энергия сақтау жүйелері мен электр көліктері нарығының қарқынды кеңеюі литийге деген сұранысты тұрақты өсіріп, сәйкесінше оны өндірудің өнімділігі, технологиялық тұрақтылығы және экологиялық қауіпсіздігі мәселелерін жаһандық деңгейде алдыңғы қатарға шығарды.АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) деректеріне сәйкес, 2024 жылы әлемдік литий өндірісі шамамен 240 мың т деңгейіне жетіп, өсу динамикасы сақталған [11].Сондықтан литийді табиғи әрі техногендік көздерден алу технологияларын жүйелі түрде салыстырып бағалау, шикізаттың түрі мен құрамына сай тиімді өңдеу тәсілдерін негіздеу және қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайтатын шешімдерді анықтау қазіргі зерттеулердің өзекті бағыты болып табылады.Литий шикізаты шартты түрде екі ірі топқа бөлінеді: қатты минералдық кендер (пегматиттердегі сподумен, лепидолит және т.б.) және гидроминералды көздер (тұзды рассолдар, мұнай-газ кен орындарының пласт сулары, минералданған және геотермальды сулар).Бұл топтар үшін технологиялық тәсілдеме түбегейлі ерекшеленеді.Қатты кендерде негізгі міндет -литий құрамды минералдарды байыту арқылы концентрат алу және минерал
Source: Yessenov Science Journal
Authors: А. Н. Боранбаева, А. Абаева
Language: Kazakh
Subfield: Metals and Alloys
Field: Materials Science
Domain: Physical Sciences
Open Access status: green
OpenAlex ID: W7223482299
