Student Lifestyle and Academic Performance: Студенттердің Өмір Салты Мен Академиялық Үлгерімін Талдау Және Болжау
Year: 2026
Type: article
Study design: Observational Study
Abstract: Студенттің үлгерімі мен күнделікті әдеттері әрқашан бір сарынмен байланыса бермейді. Біреуде оқуға бөлінген сағат шешуші болса, екіншісінде ұйқы режимі не стресс алдыңға шығады. Жұмыста GPA көрсеткішінің өмір салтына қатысты бірнеше параметрмен байланысы қаралды: оқу уақыты, ұйқы ұзақтығы, дене белсенділігі, сабаққа қатысу, экран алдында өткізілген уақыт, стресс деңгейі. Деректерді Python ортасында өңдедік, нәтижелерді бірнеше графикпен салыстырдық. Модель ретінде Linear Regression, Logistic Regression және Random Forest алынды. Нәтижелер біркелкі шықпады. Оқу уақыты мен сабаққа қатысу GPA-мен жиірек байланысады, ал қалған көрсеткіштер бойынша сурет анық емес. Ұйқы ұзақтығына қарай айырмашылық байқалады, бірақ ол бүкіл топқа ортақ заңдылыққа айналмайды. Стресс жоғарылаған сайын үлгерімнің төмендеу үрдісі көрінеді. Экран уақыты тұрақсыз: бір жерде әсері бар, бір жерде байқалмайды. Бір ғана көрсеткішке қарап академиялық жетістікті түсіндіру қиын екені осыдан көрінеді. Жеке фактор жоғары мән бергенімен, GPA соған сай болмайтын жағдайлар да, керісінше жағдайлар да кездесті. Бірнеше көрсеткішті қатар қарағанда ғана сурет толығады. Алынған нәтижелер оқу белсенділігін бақылауға, әсіресе қосымша назар керек студенттер тобын ерте анықтауға жарайды.
Source: Вестник КазАТК
Language: Kazakh
Subfield: Education
Field: Social Sciences
Domain: Social Sciences
Keywords: student lifestyle, academic performance, GPA, study time, sleep duration, physical activity, screen time, stress, attendance, university students, lifestyle factors, academic success prediction, regression models, random forest, logistic regression, linear regression, feature importance, correlation analysis, data visualization, Python data analysis, student health and well-being
SDG: Quality education
Open Access status: hybrid
OpenAlex ID: W7225089003
