Work

Ensuring Information Security Through Segmentation of Industrial Corporate and Technological Networks

Year: 2026
Type: article
Abstract: Мақалада өндірістік кәсіпорындардың корпоративтік және технологиялық желілерін сегментациялау арқылы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі қарастырылады. Өндірістік процестерді цифрландыру және ақпараттық (IT) мен операциялық (OT) технологиялардың интеграциясы корпоративтік ортадағы киберқауіптердің технологиялық желілерге таралу ықтималдығын арттырады. Зерттеудің мақсаты – сегментацияға негізделген өндірістік желінің ақпараттық қауіпсіздік архитектурасын әзірлеу және оның негізгі қорғаныс механизмдерін негіздеу. Зерттеуде жүйелік және салыстырмалы талдау, желілік архитектураны модельдеу және тәуекелдерді бағалау әдістері қолданылды. Корпоративтік IT желісі, өндірістік DMZ, SCADA/HMI, басқару (PLC) және өріс деңгейлері мен қауіпсіздікті басқару аймағынан тұратын алты аймақты модель ұсынылды; ол VLAN, желіаралық экрандар, қолжетімділікті басқару тізімдері және «default deny» саясатына сүйенеді. IT және OT орталарын тікелей байланыстырудың орнына аралық DMZ мен басқарылатын байланыс арналары (conduits) қолданылатын сегменттелген архитектура қауіптің таралу аймағын шектейтіні негізделді. Сегментацияны енгізудің сегіз кезеңді алгоритмі және оның тиімділігін бағалау көрсеткіштері ұсынылды. Ұсынылған тәсілді өндірістік процестердің үздіксіздігін бұзбай, кезең-кезеңімен енгізуге болады. Модель өндірістік желілердің құпиялылығын, тұтастығын және қолжетімділігін қамтамасыз ететін ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің техникалық негізі бола алады
Language: Kazakh
Open Access status: bronze
OpenAlex ID: W7225165644
FWCI:
Cites: 16
Cited by:
Related to: 10