Work

Forecasting of Expected Changes in the Amount of Drip Irrigation and Economic Efficiency of Irrigation by the Extropolation Method

Year: 2022
Type: article
Abstract: Мақалада Жамбыл облысының жұқа қабатты сұр топырақтарында жас қарқынды алма бағын тамшылатып суғару технологиясын жасауда алма ағаштарын әртүрлі тәсілдермен суғару кезінде алынған ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері нұсқаларды салыстыру арқылы тиімділік көрсеткіштері келтірілген. Вегетация кезінде жас қарқынды алма бағының келесідей көрсеткіштері анықталды: алма ағаштарының жалпы су пайдалануы, алма ағаштарының тәуліктік орташа су пайдалануы және жүйектеп суғару тәсілімен салыстырғандағы тамшылатып суғару тәсілінің тиімділік көрсеткіштері. Тиімді суғару тәсілін таңдау, болашақта мол өнім алу мүмкіндік береді. Мақалада екі суғары нұсқасы бойынша кеткен су көлемі есебіне қарай бағалық тұрғыдағы тиімділігін және есептелген көрсеткіштердің өзгеру мүмкіндігін математикалық модельдеу арқылы болжамдау көрсетілген. Сондай-ақ көрсеткіштерді салыстыра келе екі болжам нәтижесі бірдей және болжам дәлдігі анық көрінуде. Нәтижесінде тамшылатып суғару жүйесін ұтымды пайдалану арқылы 1 гектарға кететін су ақысына кететін шығындарды жылдан жылға үнемдеу мүмкіншілігі жоғары екенін көруге болады.
Language: Kazakh
Subfield: Soil Science
Open Access status: hybrid
OpenAlex ID: W4312378888
FWCI:
Cites: 50
Cited by:
Related to: 10