Biological Protection of Tomatoes From Quarantine Pest – Tuta Absoluta in Open Ground Conditions of Almaty Region
Year: 2022
Type: article
Abstract: Tuta absoluta (Meyrick, 1917) қарқынды таралуы Қазақстан Республикасының көкөніс шаруашылығымен айналысатын негізгі аймақтарын, атап айтқанда Алматы және Батыс Қазақстанның оңтүстік бөлігінің аймақтарында кеңінен таралды. Ол көптеген елдерде карантин нысаны болып табылады. Қызанақ күйе көбелегі Еуразиялық экономикалық одақтың карантиндік объектілерінің тізіміне енгізілген. Қызанақ күйе көбелегітің зияндылығы өте жоғары, дақылдардың зиянкестермен зақымдануы нәтижесінде өнімнің шығымдылығы мен тауарлық сапасының жоғалуы 35-тен 100%-ға дейін жетуі мүмкін. Химиялық инсектицидтердің көмегімен Tuta absoluta-мен күресу өте тиімді емес, өйткені оларды ойланбастан пайдалану нәтижесінде зиянкестерде белсенді заттардың көптеген топтарына резистенттілік қалыптасқан. Қоршаған ортаны ластамай, тұтынушылар үшін жоғары сапалы, қауіпсіз өнім алуға мүмкіндік беретін қызанақты қорғау стратегияларын әзірлеу өзекті мәселе болып отыр. Осыған байланысты ашық және жабық алаңда өсірілетін қызанақ алқаптарында аталған зиянкеске қарсы энтомофагтарды, биологиялық препараттарды және қауіптілігі төмен инсектицидтерді қолдана отырып қорғаудың интегралды жүйесін әзірлеу және енгізу қажет. Энтомофагтарды, биопрепараттарды, феромон тұтқыштарын және қауіптілігі төмен пестицидтерді қолдана отырып, интегралды қорғау жүйесін қолдану арқылы қызанақты зиянкестерден қорғау бойынша эксперименттерді «Ж.Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының» ЖШС жас ғалымдары «Мұса» шаруа қожалығының қызанақ алқабында жүргізілді.
Language: Kazakh
Subfield: Insect Science
Domain: Life Sciences
SDGs: Zero hunger, Life on land
Open Access status: bronze
OpenAlex ID: W4361982174
