Year: 2023
Type: article
Abstract: Бұл мақалада векторлық басқарумен жиілікті - реттелетін екі аймақтық асинхронды электр жетегінің сызықтық үздіксіз АБЖ бар тартымды асинхронды электр жетегін басқару жүйесіне кіретін компоненттерді математикалық модельдеу нәтижелері келтірілген. Асинхронды электр жетегі жүйесінде басқару тиімділігі оның жұмыс режимдерінің тұрақтылығы үшін, сондай-ақ функционалды мүмкіндіктерін кеңейту үшін токты, ағынды және жылдамдықты реттеудің оңтайлы тізбектерінің максималды мүмкін және қажетті параметрлерімен байланыстылығы. Беріліс функциялары сәйкесінше тұйықталған және тұйықталмаған тізбектер үшін ұсынылған. Модельдеу MATLAB Simulink бағдарламасын қолдана отырып жүргізілді, ол сәйкес контурлардағы өтпелі процестерді де, олардың логарифмдік жиілік сипаттамаларын да зерттеуге мүмкіндік береді, соның негізінде көрсеткіштерге талдау жүргізілді. Алынған нәтижелер есептелген көрсеткіштер мен жүргізілген зерттеулер нәтижесінде алынған мәндер бойынша аз айырмашылықтар бар екенін көрсетеді.
Source: Вестник КазАТК
Authors: Эльмира Даркенбаева, Гани Балбаев
Language: Kazakh
Subfield: Electrical and Electronic Engineering
Field: Engineering
Domain: Physical Sciences
Open Access status: hybrid
OpenAlex ID: W4367336451
