Work

Pedagogical Features of the Organization of Distance Learning in Physics

Year: 2023
Type: article
Abstract: Мақалада қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда білім беру жүйесінің негізгі мақсаттарының бірі халықтың барлық топтары үшін білімнің қолжетімділігі мен жоғары сапасын қамтамасыз ету болып табылатындығы жайлы мәліметер қарастырылған. Бұл мәселені шешу үшін біздің елімізде әртүрлі пәндер, соның ішінде физика бойынша қашықтықтан оқытуды қамтамасыз ететін оқу орындары белсенді түрде дамып келеді. Мысалы телекоммуникациялық инфрақұрылым дамыған АҚШ, Канада, Австралия және Ұлыбритания сияқты елдерде дәстүрлі білім берумен қатар, қашықтықтан оқыту кеңінен таралған. Осыған орай, The Open University (Ұлыбритания), GLOSSAS (АҚШ), Talented (АҚШ), Contact the North (Канада), Tele-Learning Computer Network (АҚШ), UNISA сияқты қашықтықтан оқыту мүмкіндіктерін ұсынатын әртүрлі оқу орындары мен білім беру телекоммуникация желілері бар. Компьютерлік телекоммуникацияның дамуы, қашықтан оқытуды іске асыруға ықпал ететін аймақтық және ғаламдық желілерді құру мүмкіндігіне әкелді. Дүниежүзілік қашықтықтан оқыту жүйесінің ұзақ мерзімді мақсаты – әрбір оқушыға мобильді идеяларды, білім мен оқуды пайдалана отырып, кез келген жерде кез келген колледжде немесе университетте курстардан өту мүмкіндігін беру және білімді тарату үшін білім беру ресурстарын бөлісу болып табылады
Language: Kazakh
Subfield: Education
Open Access status: bronze
OpenAlex ID: W4382117697
FWCI:
Cites: 17
Cited by:
Related to: 10