Agrobiological Characteristics and Productivity of Sorghum Varieties Introduced in the Conditions of Zhambyl Region
Year: 2023
Type: article
Abstract: Соңғы кездерде байқалған жаһандық климаттың өзгеруі жердің негізгі экологиялық мәселелердің бірі болып табылады, ол температураның жоғарылауымен, су ресурстарының азаюымен, жауын-шашынның төмендеуімен, құрғақшылық пен шөлейттену аймақтарының кеңеюімен бірге жүреді. Мұның бәрі жаңа қалыптасып келе жатқан қоршаған орта жағдайларында азық-түлік, жемшөп өнеркәсібі мен баламалы жаңартылатын энергетиканың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қуаңшылыққа, ыстыққа төзімді және сонымен бір мезгілде жоғары өнімді дақылдарды іздеу және анықтау үшін елеулі негіз болып табылады. Осындай дақылдардың бірі –қумай және оның -дәнді, қанты, техникалық және шөпті түрлері. Алайда, соңғы жылдары әлемде азық-түлік тапшылығының өсуіне, әсіресе мал шаруашылығының дамуы және осы саланы жем-шөппен қамтамасыз ету, сондай-ақ жасыл энергетика (биоотын) технологиясын дамыту қажеттілігіне байланысты ғалымдар мен мамандардың ерекше назарын қант құмайы аударуда. Себебі, бұл қоршаған орта факторларының өзгеретін жағдайларында жоғары биологиялық өнімділікпен және икемділікпен сипатталатын көп мақсатты пайдалану дақылы. Мақалада құмай дақылының биологиялық ерекшелігі, оны Қазақстанда өсірудің жай-күиі мен пайдалануға болатын сорттары қарастырылған. Орта Азия елдерінде танымал болған бұл маңызды дақылға қазіргі уақытта ғылым мен ауылшаруашылық өндірісінде аз көңіл бөлінетіні атап өтілді. Құмайдың жоғары өнімділігіне, биотикалық және абиотикалық экологиялық факторларға төзімділігіне ерекше назар аударылып, оны көп мақсатты пайдалану мүмкіндігіне байланысты кеңінен өсіру қажеттілігіне негізделген дәлелдер келтірілген. Климаттың жаһандық жылынуына және өсімдік биомассасынан таза, баламалы энергияны алу технологиясының дамуына байланысты мәселенің өзектілігі көрсетілген. Зерттеу барысында Өзбекстаннан интродукцияланған Құмай дақылының 7 сорты сұрыпталып, олардың жоғары өнім қалыптастыратын төртеуі гектарынан 30,2-36,7ц дейін дән құрады. Ал қалған 3-сорт гектарына 17,8 25,6ц дейін өнімді қамтамасыз етті. Құмай дақылының жаңа сорттарының салыстырмалы өнімділігін талдай келе, республикамыздың оңтүстік-аймақтарында ең жоғары өнімін түзетін Өзбекстандық Катта баш, Найман, Матқайыр, Өзбекстан ақ дәндісі сорттарын өндіріске ұсынуға толық негіз бар
Authors: Zh.S. Tuleubaev, K.Zh. Seitbayev, G.K. Ziyaeva
Language: Kazakh
Subfield: Agronomy and Crop Science
Domain: Life Sciences
Open Access status: bronze
OpenAlex ID: W4386902182
