Ecological Safe Dose of Ash Slag and Mineral Fertilizer According to the the Content of Radionuclides in Ordinary Chernozem and Spring Wheat Grain
Year: 2023
Type: article
Abstract: Елімізде негізгі энергетикалық отын ретінде көмір қолданылатындығы баршаға белгілі. Соның салдарынан аймақтарда едәуір мөлшерде оның қалдықтары күл шлак түрінде жиналып тұр. Әлемдік тәжірибеде оны утилизациялаудың түрлі жолдары қарастырылған. Осыған орай, күл шлакты жаздық бидай егістігінде пайдаланудың экологиялық қауіпсіз мөлшерін, оның кәдімгі қара топырақ пен жаздық бидай дәнінің радионуклидтер құрамы мен мөлшеріне әсерін анықтау зерттеу мақсаты болды. Зерттеу нәтижесін өндіріске енгізу Солтүстік Қазақстан жағдайында ауыл шаруашылығын экологиялық қауіпсіз, экономикалық тиімді жергілікті арзан тыңайтқышпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Тәжірибелер Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің "Элит" оқу-ғылыми-өндірістік орталығының тәжірибелік алаңында өткізілді. Топырақтың және жаздық бидай дәнінің құрамындағы радионуклидтердің мөлшері инверсионды вольтамперметрия әдісімен анықталды. Ал радионуклидтердің мөлшерін анықтау үшін «Прогресс Ас-Б-Г» спектрлік кешені қолданылды. Күл шлакты минералды тыңайтқыштармен бірге енгізген кезде кәдімгі қара топырақ пен жаздық бидай дәніндегі радионуклидтердің құрамы шекті рұқсат етілген концентрация мөлшерінен аспайтындығы анықталды. Демек күл шлактың 100-500 кг/га, минералды тыңайтқыштың толық есептік мөлшері мен оның 1/10 бөлігін кәдімгі қара топыраққа енгізу радионуклидтердің құрамы бойынша экологиялық қауіпсіз болып саналады. Зерттеу нәтижелері экология ғылымы, соның ішінде агроэкология бағытының дамуы үшін өнеркәсіп қалдықтарын тыңайтқыш ретінде ауыл шаруашылығында пайдалану туралы білімді жетілдіруде маңызды болып саналады.
Authors: B.Kh. Yessenzholov, А.Т. Khussainov
Language: Kazakh
Subfield: Pollution
Field: Environmental Science
Domain: Physical Sciences
Open Access status: bronze
OpenAlex ID: W4386902203
