Year: 2023
Type: conference-paper
Abstract: АбстрактБұл ғылыми мақаланың мақсаты цифрлық технологиялардың қаржылық болжауға әсерін зерттеу және олардың Қазақстандағы даму болашағын бағалау болып табылады.Зерттеу барысында әдеби шолу және деректерді талдау жүргізілді.Зерттеу нәтижесінде цифрлық технологиялардың қаржылық болжамдардың дәлдігі мен жылдамдығын жақсартуға айтарлықтай әлеуеті бар екендігі анықталып, бұл тез өзгеретін нарық жағдайында жақсы шешімдер қабылдауға ықпал айтарлықтай көмек болатынын байқадық.Алайда, Қазақстанда қаржылық болжауға цифрлық технологияларды енгізу дамудың бастапқы сатысында екені анықталды және оқытуға, бейімделуге және технологиялық жаңартуға қосымша инвестицияларды талап етеді.Сонымен қатар, цифрлық технологияларды қаржылық болжауға енгізу қазақстандық қаржы ұйымдарының халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін едәуір күшейте алады деген пікір білдірді.Осы зерттеудің нәтижелері Қазақстанда қаржылық болжауда цифрлық технологияларды дамыту жөніндегі стратегияларды талқылау және әзірлеу үшін, сондай-ақ мамандардың біліктілігін арттыру және осы саладағы технологиялық дамуға инвестициялау үшін пайдаланылуы мүмкін.
Author: D.R. Turarov
Institution: Al-Farabi Kazakh National University
Language: English
Domain: Social Sciences
Keywords: digital technologies, financial forecasting, forecast accuracy, technology adoption, financial institutions, international competitiveness, financial education, technology investment, future of finance, digital economy, financial stability, financial inclusion, financial literacy, financial innovation, financial security, financial transparency, financial market regulation, financial market development
Open Access status: gold
OpenAlex ID: W4387602829
