Year: 2023
Type: article
Abstract: Мақсаты: Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігінің заманауи жағдайы зерттеудің негізі ретінде қарастырылған. Қазіргі таңда зерттеу тақырыбының өзектілігі маңызды болғандықтан, Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін арттырудың мүмкін болатын варианттарын анықтау мен оныңмоделін әзірлеу осы мақаланың мақсаты.Әдісі: Талдау әдісі — қолжетімділік, азық-түлік бағасын реттеу, өмір сүру сапасын жақсарту және т.б. саласында Қазақстанның азық-түлік дамуының талдауы жүргізілді. Өткен кезеңге және азық-түлік қауіпсіздігінің келешегі туралы қорытындылар жасалатын статистикалық әдіс. Модельдеу әдісі азық-түлік қауіпсіздігі моделінің қалыптасуына ықпал етті.Қорытынды: Кезкелген мемлекеттіңазық-түлікқауіпсіздігі қорғалған деп сол елдегі халықтың өз өндірісі есебінен негізгі азық-түлікпен тұрақты қамтамасыз етілген жағдайда ғана айтуға болады. Кешенді және жүйелі тәсілдерді ескере отырып экономикалық, әлеуеметтік және экологиялық аспектілерге мән берген жөн. Зерттеу нәтижелері ұсынылған азық-түлік қауіпсіздігі моделінде көрсетілген.Тұжырымдама: Зерттеу барысында қол жеткізілгеннегізгі ғылыми ережелер Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді саясатын дайындау және оны іске асыру үшін ақпараттық-талдамалық материал ретінде пайдаланылуы мүмкін. Табиғи және еңбек ресурстары мемлекетке азық түлік бойынша өзін өзі қамтамасыз ететін ел болуға мүмкіндік береді. Республиканың азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы кеңестің құрылуы мен қызметі қазіргі кезде орын алып отырған барлық мәселелерді шешуге тиіс.
Language: Kazakh
Subfield: Economics and Econometrics
Domain: Social Sciences
Open Access status: bronze
OpenAlex ID: W4392008571
