Work

The Importance of Increasing the Yield of Chickpea Varieties Grown on an Agroecological Basis

Year: 2024
Type: article
Abstract: Мақалада ноқаттың өсіру технологиясында, өнімділікті арттырудың және тұқым сапасын жақсартудың маңызды тәсілі егудің оңтайлы нормасын белгілей отырып, егудің ұтымды тәсілін таңдау болып табылады. Қазiргi уақытқа дейiн, егiс тәсiлдерi жөнiнде ортақ пiкiр жоқ. Кейбір зерттеушілерде, кең қатарлы өсіру кезінде неғұрлым жоғары өнім берсе, басқалары жаппай қатарлап себуді ұсынады. Егістің оңтайлы нормалары туралы да мәселе жеткіліксіз. Дәнді-бұршақты дақылдарды өсірудің ресурс үнемдейтін технологияларын әзірлеу үшін, перспективті дәнді-бұршақты дақылдардың өсуі мен дамуының, ноқат және олардың жаңа сорттары сияқты агробиологиялық ерекшеліктері зерделенді, сорттық технологияның негізгі элементтерінің оңтайлы параметрлері (қатар аралық ені, себу нормалары) және олардың астық өнімділігіне әсері айқындалды. Ноқат - Қазақстанның оңтүстік-шығыс өңіріндегі салыстырмалы жаңа дақыл және әрбір топырақ-климаттық аймақ үшін егудің оңтайлы нормаларын айқындау қажеттілігі ерекше маңызды. Осы мақсатта Қазақстанның Оңтүстік-Шығысында тәлімді жағдайда Нұрлы-80, Мирас сорттарын қатар аралық себудің тәсілі кезінде егістіктің барынша өнімділігін қамтамасыз ететін егудің оңтайлы нормаларын зерделеу үшін далалық тәжірибе салынды. Мақалада, тәлімді жағдайда ноқаттың перспективті жаңа сорттарының даму ерекшеліктерінің нәтижелері бойынша зерттеу деректері көрсетілген. Жоғары өнім алу үшiн,ноқаттың ең жақсы сорттары,тәсiлдерi және егiстiктiң оңтайлы нормасымен себу қажет екендiгi зерттелген.
Language: Kazakh
Subfield: Plant Science
Open Access status: bronze
OpenAlex ID: W4400729932
FWCI:
Cites: 85
Cited by:
Related to: 10