Work

XIX ғасырдың соңғы ширегі мен XX ғасыр бас кезіндегі қазақ ағартушылары мен Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы мұрасындағы діни таным сабақтастығы

Year: 2024
Type: article
Abstract: Діни сананың жаңғыруы мәселесінде өзектігі жоғалмайтын тақырыптың бірі ол дәстүрлі құндылықтардан адасып қалмай, рухани үндестікті жалғастыру. Бұл үдеріс тарихтың әр кезеңінде әр мәдениеттің, әр ұлттың тағдырында әр түрлі көріністермен қорын алған. Мақалада діни сананың жаңғыруы кезеңіндегі қазақ ағартушыларының діни құндылықтарға, дәстүрлі дүниетанымға қатысты қалдырып кеткен мұраларын зерттей отырып бүгінгі қоғамның мәселелеріне жауап ізделеді. Зерттеуімізде қазақ руханиятының қаймақтары, ұлы тұлғаларымыздың өткен жолы мен негізгі қызметтерінің тарихымыздағы орны жан жақты зерттелді. Тарихтағы кез келген халықтың қоғамдық құрылысындағындай қазақ халқымыздың да діни сипатын айшықтайтын қайраткерлер, ұлтымыздың төл тумаларының еңбектері талданды. Мақалада қазақ ағартушыларының терең дүниетанымындағы діни баға жетпес құндылықтарының Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының мұрасымен сабақтастығы, өзара байланысы баяндалады. Қазақтың ұлы ағартушылары Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп еңбектеріндегі діни идеялары негізге алынып дінтанулық және танымдық философиялық талдау жүзеге асырылды. Ағартушылар дүниетанымындағы құдай, дін, иман категорияларға теологиялық, дінтанулық талдау жасалды. Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері мен талдаулары діни сананың жаңғыруымен және бабалар мұраларының дәріптелуімен тығыз байланысты. Қазақ зиялыларының қоғамдағы қызметі тек діни білім берумен ғана шектелмей, осы діни білім арқылы қалыптасатын тәрбие арқылы қазақ даласында ұлттық таным қалыптастырғаны талданады. Зерттеудің құндылығы қазіргі таңдағы діни конфликттердің, қоғамдағы діни негіздегі түсінбеушіліктердің алдын алуда, сонымен қатар жастардың діни дүниетанымының қалыптасуында өте маңызды.
Language: Kazakh
Open Access status: diamond
OpenAlex ID: W4402544827
FWCI: 1.494
Cites:
Cited by: 1
Related to: 10