Work

Тау-кен Кәсіпорындарының Жұмыскерлерінде Кәсіптік Аурулардың Дамуының Өндірістік Қауіп Факторлары

Year: 2024
Type: article
Study design: Observational Study
Abstract: Мақалада кәсіптік аурулардың даму факторы ретінде тау-кен кәсіпорны қызметкерлерінің денсаулығына зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсер ету проблемасының қазіргі жағдайы қарастырылған. Салыстыру топтары ретінде өндіріс қызметкерлері мен Қосалқы персонал зерттелді, авторлар өндірістік объектілерді аттестаттау, сауалнама деректерін талдады. Еңбек қызметі процесінде зиянды және қауіпті өндірістік-кәсіптік факторлардың тұрақты және қарқынды әсеріне ұшыраған қызметкерлердің еңбек жағдайлары кәсіптік аурулардың жоғары таралуына және даму қаупінің жоғарылауына ықпал ететіні анықталды. Өндіріс қызметкерлерінде кәсіптік аурулардың даму қаупін төмендетудің кешенді тәсілі үшін санитарлық-гигиеналық еңбек жағдайларын жақсарту, зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын жетілдіру, алдын алу шараларын әзірлеу қажет.
Source: КазУТБ
Language: Kazakh
Field: Medicine
Open Access status: hybrid
OpenAlex ID: W4403111176
FWCI:
Cites: 4
Cited by:
Related to: 10