Work

Интеграциялай Оқытудың Зерттелу Жағдайы

Year: 2024
Type: article
Abstract: Мақала қазіргі білім беру үдерісіндегі интеграциялай оқытудың жағдайын зерттеуге арналған. Оқытуды интеграциялау білімгерлердің жан-жақты дамуына, сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыруға ықпал ететін пәнаралық байланысты дамытуға бағытталған тиімді әдіс ретінде қарастырылды. Жұмыста интеграциялай оқытудың тарихи аспектілері, оның ғылыми анықтамалары, сонымен қатар, оқу тәжірибесіне, атап айтқанда қазақ педагогикасы контекстінде жүзеге асыру мысалдары талданды. А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов сияқты қазақ педагогтарының оқытудағы интеграциялық көзқарасты дамытуға қосқан үлесі туралы айтылды. Нәтижесінде, мақалада бұл оқыту технологиясының тиімділігі мен оның заманауи білім беру жағдайында оқушылардың ғылыми тұрғыдан әлеуетін арттырудағы маңыздылығы атап өтілді.
Language: Kazakh
Field: Psychology
Open Access status: hybrid
OpenAlex ID: W4405777902
FWCI: 0.738
Cites:
Cited by: 2
Related to: 10