Бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудағы әлеуметтік интеллектінің рөлі: жүйелі шолу
Year: 2025
Type: article
Study design: Systematic Review
Abstract: Зерттеу бастауыш сынып оқушыларында қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудағы әлеуметтік интеллектінің рөліне арналған ғылыми жарияланымдарға жүйелі шолу болып табылады. 2014-2024 жылдар аралығында Scopus дерекқорынан таңдалған 49 мақаланы талдау осы салада қолданылатын негізгі бағыттар мен эмпирикалық тәсілдерді анықтауға мүмкіндік берді. Нәтижелер эмоционалды және коммуникативті құзыреттіліктердің дамуы тұлғааралық қатынастарды жақсартуға, жанжал деңгейін төмендетуге және мектептің жағымды климатын қалыптастыруға ықпал ететіндігін көрсетті. Білім беру процесіне біріктірілген әлеуметтік-эмоционалды оқыту бағдарламалары ең тиімді деп танылды. Шолу сонымен қатар қолданыстағы зерттеулердің әдіснамалық ерекшеліктері мен шектеулерін қарастырады, одан әрі мәдениетаралық және пәнаралық ізденістердің қажеттілігін көрсетеді.
Language: Kazakh
Topic: Social Skills and Education
Subfield: Education
Field: Social Sciences
Domain: Social Sciences
SDG: Quality education
Open Access status: diamond
OpenAlex ID: W4409333331
