Year: 2025
Type: dataset
Abstract: АТЫРАУ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫНЫҢ ТЕХНОГЕНДІК ӘСЕР ЕТУ АЙМАҒЫНДАҒЫ ТОПЫРАҚТЫҢ ЛАСТАНУ ДӘРЕЖЕСІН БАҒАЛАУ Аңдатпа.Бұл мақалада Атырау мұнай өңдеу зауытының (АМӨЗ) техногендік әсер ету аймағындағы топырақтың ауыр металдармен ластану деңгейі зерттеледі.Зерттеудің негізгі мақсатызауыт аймағындағы топырақтың химиялық құрамындағы ауыр металдардың (мышьяк, никель, хром, кадмий және т.б.) концентрациясын анықтап, олардың экологиялық қауіпсіздігін бағалау.Зерттеу далалық және зертханалық әдістерді қолдану арқылы жүргізілді.Топырақтың химиялық ластануының жиынтық көрсеткіші (Zc) есептеліп, оның қауіптілік деңгейі бағаланды.Нәтижелер бойынша ауыр металдардың концентрациясы кейбір нүктелерде шекті рұқсат етілген концентрациядан (ШРК) бірнеше есе жоғары екені анықталды.Әсіресе, хром мен никельдің мөлшері экологиялық және адам денсаулығына үлкен қауіп төндіретін деңгейде.Зерттеу нәтижелері топырақтың ластану дәрежесін төмендету және экологиялық жағдайды жақсарту бойынша нақты ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді.Антропогендік әсерді азайту үшін экологиялық мониторинг жүйесін енгізу және қалпына келтіру шараларын жүргізу қажеттігі атап өтіледі.Кілт сөздер: топырақтың ластануы; ауыр металдар; экологиялық қауіп; Атырау мұнай өңдеу зауыты; жиынтық көрсеткіш; техногендік әсер; топырақтың химиялық құрамы
Authors: Ошақбай А.А., Базарбаева Т.А., Мұқанова Г.А., Қырғызбай Қ.Т., Әлимұратқызы А.
Institution: Al-Farabi Kazakh National University
Language: Dutch
Topic: Heavy metals in environment
Subfield: Pollution
Field: Environmental Science
Domain: Physical Sciences
Open Access status: gold
OpenAlex ID: W4409433449
