Work

The Influence of Groundwater on the Soil Regime of the Kazalinsky Irrigation Area

Year: 2025
Type: article
Abstract: Қызылорда облысында күріш егу көлемі ұлғайып Арал Сырдария өзені арқылы құйылатын су мөлшері азайып теңіздің тартыла бастауы 1960-1970 жылдары белең алған. Арал теңізінің суы апаттық жағдайға дейін тартылып, теңіздің кіші Арал болып екіге бөлінуі салдарынан теңіз түбіндегі тұзды шөгінділер ауаға тарап, аймақтағы егістік жерлердің беткі құнарлы қабатын сорландырып ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымы мен өнімділігіне кері әсерін тигізе бастады. Жаз айларында ауа райының 40 градустан жоғары ыстық және ауаның құрғақтылығына байланысты жер астылық ыза сулардың жер бетіне жақын орналасқан жерлерде топырақтың жоғарға құнарлы қабатының тұзданып сорлану процессі жүре бастады. Күріш дақылы көптеп егілуіне байланысты 1970 жылдардан бастап аймақта егістік жерлерді инженерлік жүйеге келтіру жұмыстары басталды. Инженерлік жүйеге келтірілген жерлерде жобалық негізде жер астылық ыза сулардың деңгейін бақылауға және тұздылығын анықтауға үлгі алу үшін бақылау құбырлары орнатылды. Арал теңізінің экологиялық апат аймағына жақын орналасқандықтан ауданның суармалы жерлері ауыл шаруашылық дақылдарынан жақсы өнім алу үшін ерекше күтімді қажет етеді. Егістік жерлерді күтіп – баптау агротехникалық талаптарға сай жүргізілуі тиіс. Соңғы жылдары Сырдария өзеніне судың аз мөлшерде түсуіне байланысты күріш дақылына судың жетіспеушілігі байқалуда. Соның салдарынан күріш дақылын аз мөлшерде егіп, оның суды аз қажет ететін дақылдар егуге талпыныс жасалуда.
Language: Kazakh
Open Access status: bronze
OpenAlex ID: W4409433740
FWCI: 1.167
Cites: 227
Cited by: 5
Related to: 10