Work

Results of Assessment of Starting Material of Melons for Productivity and Disease Resistance in the Southeast of Kazakhstan

Year: 2025
Type: article
Abstract: 2022-2024 жж. коллекциялық көшеттікте кешенді төзімді және жекелеген ауруларға төзімді деп сипатталған 45 сортүлгіге бағалау жүргізілген. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде барынша жоғары өнімді, ерте пісетін формалар, сондай-ақ өсіру жағдаайларына тәуелсіз өзінің өнімділігін, ауруларға төзімділігін және басқа да белгілерін сақтап қалатын сортүлгілер анықталған. Қауын сорттарын бағалау кезінде негізінен олардың ауруларға төзімділіктерінің байқалуына назар аударылып, сонымен қатар тез пісуі, өнімділігі, жемістерінің жоғары сапасы да есепке алынған. Климаттық жағдайлар сортүлгілердің өнімділігін айтарлықтай арттырып, ал жемістердегі құрғақ заттар мөлшеріне аз мөлшерде әсер ететіндігі баяндалған. Қауынды өсіруге қолайсыз жылдары өнімділіктің вариация коэффициенті артып және қолайлы жылдары төмендейтіндігі анықталған. Іріктеуді қолайсыз жылдары жүргізген тиімді. Вариация коэффициентінде үлкен ауытқушылықтың болуы биологиялық материалдың көп түрлілігін дәлелдейді. Біртекті материалда вариация коэффициенті 5-10% шамасында болаған, қолайсыз жылдары бұл көрсеткіштің көтерілетіндігі байқалған. Құрғақ заттар өнімділігі вариациясы коэффициенті де осыған ұқсас болған: 2022 жылы V = 33,5 %, 2023 жылы – 46,9 %. сонымен бірге қолайсыз жылдардағы құрғақ заттар вариациясы коэффициенті біршама төмендеген: 2022 жылы – 22,2 %, ал 2023 жылы – 21,7 %, құрғақ заттардың орташа мөлшері тұрақты болып қалатыны анықталған. Биологиялық шаруашылық-құнды белгілері бойынша жүргізілген бағалаулар мен биохимиялық талдауда ерекшеленген үлгілерді қауын селекциясында алға қойылған мақсаттарға байланысты бастапқы материал ретінде пайдалану ұсынылған.
Authors: E.U. Taishibayeva, Zh.Zh. Mamyrbekov, S.P. Makhmadjanov, "Agricultural Experimental Station for Cotton and Melon Growing", Turkestan region, Kazakhstan, A.T. Aitbayeva, B.D. Zorzhanov, A.S. Jantassova
Language: Kazakh
Subfield: Genetics
Open Access status: bronze
OpenAlex ID: W4409464194
FWCI:
Cites: 227
Cited by:
Related to: 10