BIOLOGICAL CONTROL OF WINTER WHEAT PESTS (Oulema melanopus L., Eurygaster integriceps Put., Haplotrhrips tritici Curd, Schizaphis graminum) UNDER CONDITIONS OF ALMATY REGION
Year: 2025
Type: article
Abstract: Мақалада күздік бидай егістіктеріне вегетациялық кезеңде топырақ қазу және санақ жүргізу нәтижесінде 16 зиянкестің түрі анықталды. Сәуір айында егістік алқабындағы бидай дақылының түптену фазаларына мониторинг жүргізу барысында астықтың сүлікше қоңызының (қызылкеуделі) (Oulema melanopus L.) таралуы ересектер саны 1 м²-ге 10-11 дана жетті, ал зиянды бақашық қандала (Eurygaster integriceps Put.) 0,9 дана/м² құрады, бұл ересектердің саны ЭЗШ-не жақындағанын көрсетті. Сонымен қатар, бидайдың түтікке шығу – масақтану кезеңінде, визуалды тексеруде әр сабақта 8-9 ересек астық бітесі (ЭЗШ 8-10 дана/сабақ) және масақта 5-7 астық биті (ЭЗШ 5-10 дана/масақ) байқалды. Аталған зиянкестерге қарсы ұшқышсыз ұшу апаратын қолдана отырып биологиялық препараттармен бүрку жұмыстары оң нәтиже берді. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, экологиялық тұрғыдан биологиялық препараттарды қолдану өңделетін аумақтар мен қоршаған ортаға пестицидтік жүктемені азайтуға ықпал етеді. Сондай-ақ ауылшаруашылық техникаларының алқап бойынша жүру санын азайту арқылы топыраққа, оның ішінде тығыздалу мен ластануға теріс әсерін төмендетеді. Бұл факторлар агроэкожүйелердің жағдайын жақсарту және органикалық егіншілікте жер ресурстарын тұрақты пайдалану үшін маңызды.
Language: Kazakh
Subfield: Insect Science
Domain: Life Sciences
SDGs: Zero hunger, Life on land
Open Access status: bronze
OpenAlex ID: W4409464274
