Work

Мектеп Геометрия Курсын Оқытуда Оқушылардың Логикалық Ойлау Дағдыларын Қалыптастыру

Year: 2025
Type: article
Abstract: Мектеп геометрия курсының негізгі мақсаты оқушылардың логикалық ойлау дағдыларын қалыптастыруболып табылады. Мақалада оқушылардың логикалық ойлауын дұрыс дамытуда мектеп геометрия курсындағы тапсырмалардың маңыздылығы туралы қарастырылады. Сонымен қатар, геометрияда берілген есептердің мазмұнның көптеген оқулықтарда дұрыс аударылмай немесе есепті шығаруға қажетті элементтері толық берілмейтіндігі жайлы және оқушылардың логикалық ойлау дағдыларын қалыптастыруға, дамытуға негіз болатын тиімді әдіс-тәсілдер туралы, мақсаты мен өзектілігіжайлы баяндалған.Анықтамаларды тұжырымдау, теоремаларды дәлелдеу барысында, мүмкін болған жағдайда, геометриялық сызбаларды тиімді пайдалана білу оқушылардың белсенділігін арттырып, материалды толыққанды игерге көмектеседі.Оқушылар берілген есептердің мазмұнын толыққанды түсінген кезде ғана, геометриялық фигуралардың кеңістікте орналасуларын елестете білу дағдылары дұрыс қалыптасады, яғни қандай да бір ізделінді геометриялық фигураны берілген элементтері бойынша анализ жасап, жан-жақты талқылай отырып, логикалық ойлау қабілеттері дамиды. Сондай-ақ, әрбір есептің шығарылуы геометриялық фигуралардың сызбасын дұрыс сыза білумен қатар, оны алдын-ала талдау, есеп шешімінің дұрыстығын дәлелдеу және шешімін зерттеу кезеңдерінен тұрады. Алайда, мектеп геометрия курсын оқытуда оқушылардың логикалық ойлау дағдыларын дамытудың қажеттілігі геометрия есептерін оқыту мәселесінің өзектілігін анықтайды.
Language: Kazakh
Subfield: Education
Open Access status: bronze
OpenAlex ID: W4410285451
FWCI: 0.578
Cites: 3
Cited by: 1
Related to: 10