Қожа Ахмед Ясауи «Хикметіндегі «жады» мәдени лексемасы арқылы енген «лексикалық жаңалықтар»
Year: 2025
Type: article
Abstract: Бұл жұмыста орта ғасырдың көрнекті тұлғасы Ясауи «Хикметтеріндегі» «жады» тілдік бірлігін талдауды мақсат етеді. Мәдени лексика ұғымына түсінік беріліп, рухани құндылығымыздың қайнар көзі, діни түсінік арқылы халықтың танымына тартымды түсіндірген Ясауи «Хикметтеріндегі» қолданыс жиілігі назарға алынып, әрбір танымдық тілдік бірлікке жеке талдаулар жүргізу қажет деп танылады. Зерттеу жұмысы лексика-семантикалық, когнитивтік бағытта орындалған. Р.Сыздықованың «Ясауи «Хикметтерінің тілі» монографиясындағы Самарқанд (Залеман) қолжазбасының транскрипцияланған нұсқасы бойынша «жады» мәдени лексикасын талдауға ден қойылады. Тарихи кезеңдерге байланысты қолданыстағы мағынаның кеңеюі жолында жаңа мағынаның пайда болуы, «аэлогизм» және «неолексизм» үдерісі жайлы тоқталады. «Жады» тілдік бірлігінің Ясауи тілінде әртүрлі қолданылуын қарастырады. «Мәдени код», «ұлттық код», «мәдени лексика», «лексикалық жаңалықтар», «мәдени лексикон» терминдеріне түсіндірме береді. Отандық және шетелдік ясауитанушылардың зерттеулерін негізге алады, танымдық тіл біліміндегі сөздік құрамның байыту жолына қызмет ететінін көрсетеді. Аударма мен қолжазбаның арасындағы дыбыстық айырмашылықты тарихи-салыстырмалы әдіспен түсіндіреді. Мақалада Р. Сыздықова, К.С. Алдашева, Ж.А. Жақыпов, т.б. зерттеушілердің пікірлеріне сүйенеді. Мақаланың практикалық маңыздылығы жұмыстың нәтижелерін лексикология, когнитивті лингвистика теориялық курстарда және ясауитануға қатысты семинарда қолдануға болады.
Authors: М.Е. Ажибекова, Г. Сагидолда, Г.А. Әбдімәулен
Institution: L. N. Gumilyov Eurasian National University
Language: Kazakh
Subfield: Language and Linguistics
Field: Arts and Humanities
Domain: Social Sciences
Open Access status: diamond
OpenAlex ID: W7124223003
