Year: 2025
Type: article
Abstract: Зерттеу нәтижелері жаңа «Жастар-L» жартылай ет фабрикаттарының сапалық сипаттамалары мен тағамдық құндылығының жоғары деңгейде екенін көрсетті. ҚР МемСТ Р 52675-2009 талаптарына сәйкес, бұл өнімдердегі ақуыздар, майлар және көмірсулардың мөлшері белгіленген нормаларға толық сай келеді. Сонымен қатар, жаңа өнімнің энергетикалық құндылығы дәстүрлі үлгілермен салыстырғанда 5,2%-ға төмендегені байқалды. Жартылайет фабрикаттарының құрамына жылқы етін қосу аминқышқылдық құрамның төмендеуіне алып келмеген. Бұған қоса, шикізатқа 0,075% дигидрокверцетин (спирттік ерітіндіде), 0,05% аскорбин қышқылы және 0,02% токоферол қосу линол, линолен және арахидон қышқылдарының жиынтық мөлшерін 7,3%-ға арттырған. Сонымен қатар, аскорбин қышқылы (5 мг/%) мен токоферол (10 мг/%) енгізу арқылы өнімде С және Е дәрумендерінің болуы қамтамасыз етілді. Жалпы, бұл нәтижелер жаңа өнімнің биологиялық белсенді заттарға бай әрі сапалы екеніндәлелдейді.
Source: Mechanics and Technologies
DOI: 10.55956/mykr1056
Authors: Алматы Технологиялық университеті, Алматы, Қазақстан, Н.К. Абильмажинова, А.М. Таева, Алматы Технологиялық университеті, Алматы, Қазақстан, Я.М. Узаков, Алматы Технологиялық университеті, Алматы, Қазақстан, Б.Ш. Джетписбаева, Алматы Технологиялық университеті, Алматы, Қазақстан, С.Е. Ибраимова, Алматы Технологиялық университеті, Алматы, Қазақстан
Institution: Almaty Technological University
Language: Kazakh
Subfield: Animal Science and Zoology
Domain: Life Sciences
SDG: Zero hunger
Open Access status: hybrid
OpenAlex ID: W7124450693
