Work

Көркем мәтін – құндылықтар әлемі: дәстүрлі мұра және заманауи көзқарас

Year: 2026
Type: article
Abstract: Бұл мақалада М. Әуезовтің «Қорғансыздың күні» әңгімесі ұлттық концептология және когнитивтік лингвистика тұрғысынан зерттеліп, мәтіндегі ұлттық құндылықтардың көркемдік-когнитивтік репрезентациясы сараланады. Зерттеу барысында «қорғансыздық», «әділет», «ар-намыс», «тазалық», «қатыгездік», «табиғат» тәрізді базалық концептілер анықталып, олардың көркем мәтіндегі прагматикалық, эстетикалық және семиотикалық қызметі айқындалады. Мәтінді талдауда Б. Майтанов ұсынған хронотоптық жүйе негізінде кеңістік пен уақыт өлшемдерінің көркемдік-құрылымдық қызметі қарастырылады. М.В. Пименова ұсынған концепт жіктеуі (физикалық, әлеуметтік, этикалық) арқылы кейіпкерлердің мінез-құлық құрылымы мен құндылық бағдарлары зерделенеді. А. Маслоудың қажеттіліктер иерархиясы негізінде адамның еркіндікке, қауіпсіздікке және рухани кемелдікке ұмтылысы сипатталады. Сонымен қатар, Г. Қожахметова мен Ә. Байбол зерттеулеріне сүйене отырып, мәтіндегі ұлттық дүниетаным, менталитет пен мәдени кодтар көркем тіл арқылы қалай жүзеге асатыны сипатталады. Ғазиза бейнесі арқылы қазақ ұлтының ар-намыс, тазалық, ұят сияқты рухани-этикалық құндылықтарының көрінісі беріліп, оның трагедиялық тағдыры арқылы патриархалды қоғамдағы әділетсіздік пен рухани құлдырау ашылады. Табиғат көріністері мен мифопоэтикалық элементтер метафоралық және символдық деңгейде сараланып, шығарма құрылымындағы концептуалдық өрістердің ұлт болмысымен байланысы дәйектеледі.
Language: Kazakh
Open Access status: hybrid
OpenAlex ID: W7147406709
FWCI:
Cites: 3
Cited by:
Related to: 10