Work

Әдеби Дәстүр Және Көркемдік Даму: Абайдан Кейінгі Кезеңдегі Әдеби Үдеріс (1905–1929)

Year: 2026
Type: article
Abstract: ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде қазақ жазба әдебиеті қалыптасу кезеңін бастан өткізді. Ел әдебиетіндегі дәстүр сабақтастығы жалғасып, жаңашылдық Абай поэзиясынан бастау алды. Абай поэзиясының жаңалығы мен жаңашылдығы Алаш әдебиеті өкілдерінің шығармашылығымен сабақтасып, әдеби үдеріс жанданды. Бұл зерттеудің мақсаты – Абай дәстүрі негізінде кейінгі кезеңдегі әдеби үдерістің көркемдік даму сипаты, поэтикалық қызметі мен жанрлық ізденістеріне қатысты талдаулар ұсыну. Бұған қол жеткізу үшін мұқият оқу әдісі, салыстырмалы әдіс, аналитикалық-синтетикалық әдіс, поэтикалық талдау әдістері арқылы Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Сәбит Дөнентаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мағжан Жұмабайұлының өлеңдері жан-жақты талданады. Зерттеу нәтижесі әдеби дәстүр мен көркемдік даму арналарын негіздеу, Абайдан кейінгі кезеңдегі әдеби үдерістің даму кезеңдерін мазмұндық, идеялық, жанрлық, стильдік ерекшеліктеріне қарай топтастыру, Абай дәстүрі негізінде философиялық-эстетикалық, әдеби поэтика, көркемдік формалар мен идеялық ықпалдастық орнату, Алаш әдебиетінің өкілдері ел әдебиетіндегі аллегориялық сипаттағы поэтикалық туынды, ағартушылық идея, әдеби қарсылық, реалистік, сатиралық образ, идеялық, риторикалық, құрылымдық, көркемдік формалар мен поэтикалық ойларды ықшамдап жеткізгенін, жаңа жанрлық ізденістерге жол ашқанын айқындау, өлеңнің ішкі мазмұнын тереңдетіп, сыртқы формасын ықшамдау, поэзияны әдеби ағартушылық, отарлаушы империяға әдеби қарсылық ретінде оқырман санасында интерпретациялау арқылы поэзияға терең ұлттық мағына үстеу, әдеби дәстүр жалғастығы мен көркемдік даму, әдеби үдеріс белгілеліріне сілтеме жасау үшін қолданылатынын көрсетті. Мақала авторы бұл зерттеу ХХ ғасыр басындағы әдеби дәстүр мен әдеби үдеріс, көркемдік даму бағыттарын тереңдете зерттеуге үлес қосады деп үміттенеді.
Language: Kazakh
Open Access status: bronze
OpenAlex ID: W7150848726
FWCI:
Cites: 1
Cited by:
Related to: 10