Year: 2026
Type: article
Abstract: Мақалада қазақ тілі септік жалғауларының сөзжасамдық, атап айтқанда, аталым жасам қызметі сөз болады. Жалғаулар, оның ішінде септік жалғаулар тұлғажасамдық және байланыстыру қызметімен ерекшеленеді. Септік жалғауларының байланыстыру, басқа да синтаксистік қызметі туралы грамматикада жан-жақты қарастырылғанмен, олардың сөзжасамдық, аталым жасам мәнінің зерттелу аясы тар. Осыған байланысты мақалада септік бірліктерінің сөз, сөйлем байланыстырудан бөлек қолданыстық мағыналарының туындауы және сол мағыналардың болуы жалғанатын сөзіне байланысты шығатыны туралы мәселе қаралады. Мақалалық зерттеу нәтижесінде септік жалғауларының негізгі мағынадан тыс түрлі қолданыстық мағынасы сөздердің лексикалық ұғымына да тәуелді екені байқалды; септік бірліктерінің түрлі қолданыстық ерекшелігінен олардың сөзжасамдық қызметі, аталымдық мәні айқындалды. Септіктердің нөлдік қолданысы аталым жасауда негіз болатыны көрінді. Олардың нөлдік қолданысынан дара аталым, күрделі тіркесті сөздер туындайтыны туралы тұжырым жасалды. Бұл атау, ілік, табыс, шығыс септіктерінде анықталды. Нөлдік тұлғада қолданылмайтын немесе сирек қолданылатын септік түрлері қазақ тілінің құрмалас сөйлем түрін жасауға негіз болады. Мұндай ерекшелік жатыс пен көмектес септігіне тән екені нақтыланды. Сондай-ақ жатыс пен шығыс септігінің үстеу жасау ерекшеліктері белгілі сөйлем ішінде шартты түрде ғана жүзеге асатыны түсіндірілді. Екі септіктің көмегімен түбегейлі үстеуге айналу көне түбір сөздерге қатысты болатыны айқындалды.
DOI: 10.48081/bgqf1777
Author: Ы. Б. Шақаман
Language: Kazakh
Subfield: Language and Linguistics
Field: Arts and Humanities
Domain: Social Sciences
Open Access status: bronze
OpenAlex ID: W7150869207
